
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық екенін айтты. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керектігін атап өтті.
«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң», – деді Президент жиында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1221716?lang=kk

Жауап қалдыру