«Қазсушар» РМК Жамбыл облысында 500 шақырымнан астам жаңа ирригациялық жүйені автоматтандыру жобасын тарифтік қаражат есебінен жүзеге асыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы өңірдің 86 ирригациялық каналын автоматтандыру жобасын іске асыруды бастады. Жұмыстар кәсіпорынның арналар арқылы су беру қызметтері үшін алған қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жоба механикалық гидробекеттерді автоматтандыруды және оларға судың көлемі мен деңгейін есептеу құрылғыларын орнатуды көздейді. Жалпы алғанда, осы іс-шаралар шеңберінде бұрын қайта құру жұмыстары жүргізілген 502 км-ден астам суару желілерін цифрландыру жоспарланып отыр.

“Осы жобадан басқа, ағымдағы жылы Ислам даму банкінің қолдауымен Қазақстанның оңтүстік облыстарында жалпы ұзындығы 900 км астам 103 каналды автоматтандыру жұмыстары басталады. Бұдан басқа, жақын арада тағы 263 арнаны қайта құру мен автоматтандырудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау жоспарланған”, – деп хабарлады су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Әбдірайымов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1221677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді