
🔱 Ордабасы ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – Темірлан ауылынан Түркістан бағытына қарай орналасқан аумақта жүргізіліп жатқан құрылыс және абаттандыру жұмыстары.
🔱 Бүгінгі таңда аталған аумақта жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, өңірдің сәулеттік келбеті жаңаруда. Сонымен қатар, жаңа нысандар салынып, демалыс орындары мен саябақтар жасақталуда.
🔱 Жол бойларына жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар төселіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысына қолайлы жағдай қалыптастырылуда.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1221648?lang=kk

Жауап қалдыру