«Заң және балалар: қателіксіз болашақ». Абай облысында жасөспірімдерге заң бұзушылықтың салдары көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Облыс прокуратурасы әкімдікпен, Полиция және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерімен бірлесіп, кәсіби психологтарды тарта отырып, кәмелетке толмағандардың Қылмыстық-атқару жүйесінің №19 мекемесіне профилактикалық баруын ұйымдастырды.

       Іс-шараға ішкі істер органдарының есебінде тұрған мектеп оқушылары мен колледж студенттері, девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдер, сондай-ақ «тәуекел тобына» жататын балалар қатысты.

       Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің заңға саналы көзқарасын қалыптастыру және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіру болды.

       Бару барысында қатысушыларға сотталғандарды ұстау жағдайлары көрнекі түрде көрсетіліп, бостандығынан айыру орындарындағы өмір таныстырылды.

       Жасөспірімдерге әсіресе сотталған азаматтармен кездесу ерекше әсер қалдырды. Олар жіберген қателіктері, жоғалтқан мүмкіндіктері туралы айтып, өз жолдарын қайталамауға шақырды.

       Өткізілген іс-шара жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болды.

       Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

       Абай облысының прокуратурасы

 

#Заң_мен_тәртіп

#Әділеттілік      

#КүшЗаңда                           

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1221672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді