Маңғыстауда ҚАЖ мекемесінде Ұлттық кітап күніне арналған іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №77 мекемеде Ұлттық кітап күніне орай танымдық-рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтау қалалық кітапханасының қызметкерлері арнайы шақырылып, сотталған азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға кітаптың қоғамдағы орны, рухани дамудағы маңызы және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Бағдарлама аясында викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қатысушылардың білім деңгейі мен танымдық белсенділігі сынға түсті. Белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айтылып, ынталандыру шаралары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың рухани-мәдени дамуына қолдау көрсету, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағыт беру.

Осындай танымдық әрі тәрбиелік маңызы бар шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1221781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді