Маңғыстауда сотталғандардың денсаулығы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға медициналық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиын мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Азат Шабиковтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының, психикалық денсаулық орталығының мамандары, психиатр-нарколог дәрігерлер, психологтар және мекеме қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында сот шешімімен мәжбүрлі ем тағайындалған және психикалық ауытқуы бар сотталғандарға көрсетілетін көмекті жетілдіру мәселелері көтерілді. Мамандар емдеу, бақылау және алдын алу шараларын күшейту жолдарын талқылады.

Азат Шабиковтың айтуынша, сотталғандардың денсаулығын сақтау – мекеме жұмысының басым бағыттарының бірі.

«Біздің міндет – әр жазасын өтеушіге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету. Әсіресе психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тәуекелдердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу маңызды», – деді ол.

Сондай-ақ жиын барысында денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту, бірлескен жұмыс тетіктерін жетілдіру және ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды. Қазіргі таңда колонияда сотталғандармен психокоррекциялық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қажет болған жағдайда олар стационарлық емдеуге жіберіліп, мамандардың бақылауына алынады.

Айта кетейік, мұндай шаралар сотталғандардың психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1221776?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді