500-ден астам оқушы «Қауіпсіз жол — балалар үшін» ауқымды акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

500-ден астам оқушы «Қауіпсіз жол — балалар үшін» ауқымды акциясына қатысты

Қостанай облысында «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері прокуратура және білім беру органдарымен бірлесіп, жол қауіпсіздігіне арналған ірі профилактикалық іс-шара өткізді.

Оқушыларға жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріліп, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін жағдайлары талқыланды. Сондай-ақ балаларды автокөлікпен тасымалдау кезінде арнайы ұстап тұратын құрылғыларды қолданудың маңыздылығы айтылды.

Іс-шара барысында ЖҚЖ жасағы мен СОБР қызметкерлерінің көрсетілімдері оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар арнайы жабдықтармен танысып, полиция қызметінің ерекшеліктерін көрді.

Мұндай шаралар балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жол қозғалысы ережелеріне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1222794?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді