Абай облысының әкімі Берік Уәлинің Аягөз қаласына арнайы іс-сапары аясында Аягөз қаласындағы жаңартылған «Жас техниктер станциясында» заманауи қосымша білім беру кеңістігінің ашылуы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Абай облысының әкімі Берік Уәлинің Аягөз қаласына арнайы іс-сапары аясында Аягөз қаласындағы жаңартылған «Жас техниктер станциясында» заманауи қосымша білім беру кеңістігінің ашылуы өтті. Іс-шара барысында робототехника, дрон, шығармашылық және технология бағыттарында ауқымды фестиваль мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

  Сонымен қатар, «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» облыстық фестивалі жоғары деңгейде өткізілді.

  Іс-шараны Qazaqstan Halqyna қорының қолдауымен «Батыр Боламын!», USTEM Foundation ҚҚ, Абай облысы білім басқармасы және Абай облысының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік “Дарын” орталығы» КМҚК ұйымдастырды.

  Сонымен қатар өткен EXPLORER, FLL, FTC, робототехника және дрон жарыстары — нағыз білім мен технология мерекесіне айналды. Әр команда өздерінің ерекше идеяларын, табандылығын және инженерлік шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.

  Бұл жарыс тек жеңіс үшін ғана емес, болашаққа қадам жасауға, жаңа тәжірибе жинауға және үлкен армандарға жақындауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды. Байқауға Абай, Алматы, Ақмола және Жетісу облыстарынан командалар қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы — болашақтың өнертапқышы, инженері және IT маманы. Олардың еңбегі, дайындығы мен командалық бірлігі үлкен құрметке лайық. Әр робот пен дронның артында үлкен ізденіс, еңбек және шығармашылық жатқанын көрдік.

  Жарыс жеңімпаздарын Ләззат Шыңғысбаева және Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков марапаттады.

  Шараның басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі шығармашылық, техникалық және зияткерлік әлеуетін дамыту, заманауи технологиялар мен дәстүрлі өнер бағыттарын ұштастыра отырып, кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

  Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.

  Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков өз сөзінде: «Бүгін Аягөз қаласында өте ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Турнирге еліміздің әр өңірінен командалар келіп, өз жобаларын таныстыруда. Бұл тек фестиваль ғана емес, оқушылардың тәжірибе алмасып, жаңа достар табуына мүмкіндік беретін маңызды алаң.

  Цифрландыру заманында осындай заманауи кеңістіктерді ашу — балаларымыздың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына жол ашады. Біздің мақсатымыз — әрбір аудандағы дарынды жастардың әлеуетін ашып, оларды отандық IT мен инженерия саласының болашақ көшбасшылары ретінде қалыптастыру», — деді.

  Барлық қатысушыларды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!

  Болашақ — технология мен дарынды жастардың қолында!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1222346?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді