
Alatau Hub ашылғанына 2 жыл толды.
Осы уақыт ішінде хаб IT, технология, білім және инновация салаларындағы белсенді қауымдастыққа айналып, өңірдің цифрлық экожүйесінің дамуына өз үлесін қосты.
Екі жыл ішінде 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, робототехника және киберспорт бойынша жарыстар, IT Movie, Demo Day, Speaking Club және түрлі клубтық кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, Alatau Hub командасы халықаралық GITEX көрмесіне қатысып, IT-индустриядағы заманауи трендтермен танысты.
Хаб аясында «Digital Qazaqstan» жобасы жүзеге асырылып, цифрлық технологияларды дамыту бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.
Бүгінде Alatau Hub іс-шараларына 4000-нан астам адам қатысып, жоба өңір жастары мен IT қауымдастығы үшін маңызды алаңға айналды.
Алдағы уақытта да жаңа жобалар мен бастамалар жүзеге асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1222486?lang=kk

Жауап қалдыру