
Алматы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахим Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Ұлы мәртебелі Корольдің сауда жөніндегі комиссары, Ұлыбританияның Ыстанбұлдағы Бас консулы Дэвид Рид мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қала инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады.
Бүгінде Ұлыбритания Қазақстан экономикасына инвестиция құятын ең ірі он мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл британдық бизнестің еліміздің инвестициялық әлеуетіне деген жоғары сенімін аңғартады. Сонымен қатар кездесуде Алматы мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың жоғары екені айтылды.
Сәулет өнері, қала инфрақұрылымын дамыту және «жасыл» энергетика салаларында Ұлыбританияның озық тәжірибесін енгізуге ерекше назар аударылды. Тараптар тұрақты қалалық даму мен экологиялық жаңғыру бағытындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін жеткізді.
Кездесу соңында өңіраралық байланысты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және серіктестік қатынасты одан әрі тереңдетуге дайын екені расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1221879?lang=kk

Жауап қалдыру