
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, композитор әрі драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Кеш барысында қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен қазақ әдебиеті, музыкасы және театр өнерінің дамуына қосқан үлесін кеңінен сөз етті. Сонымен қатар іс-шара аясында ақынның шығармаларын қамтыған «Есіңе ал» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.
Кеш соңында көпшілікке Ұлттық кітапхана қорынан жасақталған Бәкір Тәжібаевтың шығармашылық мұрасына арналған көрме ұсынылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1222861?lang=kk

Жауап қалдыру