«Ақ бидай» спартакиадасының шағын футбол чемпионаты аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Урожай» стадионында облыстық «Ақ бидай» спартакиадасы аясында өткен Ақмола облысының шағын футбол чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Сандықтау ауданының әкімі С. Құдабайдың атынан жарысқа қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтады. Аудан әкімінің орынбасары спортшыларға тартысты, әрі лайықты ойындары, жоғары командалық рухтары мен жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа спорттық жетістіктер тіледі.
Спартакиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1- орын — Зеренді ауданының командасы;
2- орын — Атбасар қаласының командасы;
3- орын — Көкшетау қаласының командасы.
⚽️Жеңімпаздар мен жарысқа қатысқан барлық спортшыларды құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, жарқын жеңістер мен спортта жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1222817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді