АҚПАРАТ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Зейнеп» колледжінің базасында «Имантау өңірінің киелі орындары: мәдени мұра және туризмді дамыту перспективалары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты — Имантау өңірінің мәдени-тарихи мұрасын сақтау, ішкі және киелі туризмді дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ білім беру ұйымдары, ғылыми қауымдастық, музейлер, туристік ұйымдар және бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, туризм саласының мамандары, өлкетанушылар, ұйым басшылары, студенттер және әлеуметтік серіктестер қатысты.

Қатысушыларды құттықтау сөздерімен қарсы алғандар:

Кожахметов Асылбек Базарбайұлы — AlmaU президенті;

Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы — Айыртау ауданының әкімі;

Абдрахманов Амангелді Еслямбекұлы — Солтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру басқармасы басшысының орынбасары;

Неталиев Дамир Рүстемұлы — Солтүстік Қазақстан облысы туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы.

Бірінші ғылыми сессия аясында туризмді тұрақты дамытудағы мәдени мұраның рөлі, Қазақстандағы киелі және мәдени-тарихи туризмді дамыту перспективалары, Айыртау ауданы елді мекендерінің тарихы, сондай-ақ Имантау өңірінің туристік әлеуеті мәселелері қарастырылды. Баяндамалармен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, AlmaU жанындағы «Ұлы Дала Академиясы» ғылыми орталығының ғалымдары мен сарапшылары сөз сөйледі.

Екінші ғылыми сессия барысында жергілікті өлкетанушылардың, туристік сала өкілдерінің және «Зейнеп» колледжі студенттерінің баяндамалары ұсынылды. Ішкі туризмді дамыту, демалыс аймақтары мен туристік анимацияның рөлі, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция барысында «Зейнеп» колледжі базасында «Құлагер» туризмді дамыту орталығын ашу жобасының тұсаукесері өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды қарар қабылданып, «Зейнеп» колледжі мен тарихи музейлер, Имантау-Шалқар аймағындағы демалыс орындары және Астана гидтері клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Конференция қатысушылары үшін колледж студенттерінің әскери даярлығын көрсету және Ш. Уәлиханов музейі мен Айғаным қонысына баруды қамтитын мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.

Конференцияны өткізу ғылыми және практикалық тәжірибе алмасуға, туризмді дамыту мен киелі мұраны сақтау мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/details/1222057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді