
Ащыбұлақ ауылдық округінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні кең көлемде аталып өтті.
Ұлы Жеңіс – батырлық пен елге деген адалдықтың мәңгілік символы. Майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен тылда табанды еңбек еткен ардагерлердің жанқиярлығы ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Ащыбұлақ ауылдық округінде 23 тыл ардагері бар. Олардың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Халқымызда:«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» деген дана сөз бар.
Біз батырларымыздың есімін ұлықтау арқылы тарихқа деген құрметімізді білдіреміз. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай облыстық ономастикалық қорытынды негізінде округіміздегі атауы жоқ 3 көшеге ұлы отан соғысы ардагерлерінің есімдері атап айтқанда: Құлымбаев Шолпанқұл Құлымбайұлына, Сембаев Жакіш Сембайұлына және Амандаев Абу Нұрымбетұлының есімдері берілді. Бұл – батыр бабаларымыздың рухына көрсетілген тағзым, ел есінде мәңгі сақталатын игі іс.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Береке-бірлігіміз артып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктей берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-ashchybulak/press/news/details/1222873?lang=kk

Жауап қалдыру