«Ашық есік күні»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақпарат «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ 2026 жылдың 28 сәуірінде Шал ақын ауданының білім бөлімінің ғимаратында жалпыға бірдей құқықтық оқыту аясында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандардың қатысуымен «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізілгенін хабарлайды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелер берілді, оның ішінде:
мектептерде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
оқушыларды тасымалдау;
мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсету;
Іс-шараға барлығы 25 адам жүгінді, олардың әрқайсысына қажетті кеңестер берілді.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 28-29 сәуір аралығында Шал ақын ауданының білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ата-аналарға құқықтық жалпыға бірдей оқыту ұйымдастырылды. Іс-шара аясында түсіндірілді:
отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары;
қорғаншылық пен қамқоршылықты ресімдеу тәртібі
қала маңындағы лагерьлерге тегін жолдама беру тәртібі. Сондай ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1222042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді