
15-17 мамыр аралығында Астанадағы “Барыс Арена” кешенінде әлемнің әртүрлі елдерінен келген қатысушылар мен көрермендердің басын қосқан халықаралық PGL киберспорт турнирі өтті.
Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арена аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Полиция қызметкерлері турнир қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауда ұстап, келушілер арасында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әсіресе киберқылмыстың алдын алуға ерекше назар аударылған. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары қонақтарға цифрлық қауіпсіздік ережелерін, жеке деректерді қорғау тәсілдерін және интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерін түсіндірді. Келушілерге киберқауіптерден сақтану жөніндегі тақырыптық жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды.
Сонымен қатар арена аумағында киберқылмыстың алдын алу мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.
Турнир қонақтары үшін ішкі істер органдарының қызметіне арналған арнайы фотокөрме де ұйымдастырылған. Экспозицияда полицияның түрлі қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына қызметкерлердің қатысуы бейнеленген фотосуреттер ұсынылған.
Полиция қызметкерлері келушілерді фотокөрмемен таныстырып, қызмет ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде турнир қатысушылары мен қонақтарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігі толық көлемде қамтамасыз етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1222389?lang=kk

Жауап қалдыру