Ауыл мектебінің дамуына бағытталған маңызды форум

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыланды лицей-интернатының өкілдері «MUGALIM BRIDGE FORUM» алаңына қатысып, ауыл мектептерінің білім сапасын арттыруға және жас педагогтерді қолдауға бағытталған маңызды тәжірибе жинақтап қайтты. Аталған форум білім беру ұйымдары мен болашақ мамандар арасындағы өзара байланысты нығайтып, кәсіби ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.

Форум барысында қатысушылар болашақ мұғалімдердің заманауи білім беру әдістерін меңгеруімен, кәсіби дайындығымен және шығармашылық көзқарасымен танысты. Сонымен қатар, студенттердің мектеп тәжірибесіне қатысты кейстерді талдауы мен инновациялық шешімдерді ұсынуы ерекше назар аудартты.

Іс-шара аясында:
 білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды;
ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығын шешу жолдары қарастырылды;
 жас мамандармен тікелей байланыс орнатылып, ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейді;
болашақ педагогтердің кәсіби әлеуетіне баға берілді.

«Мұғалім» жобасы — мектеп қажеттілігіне сай білікті кадрларды ерте анықтап, қолдау көрсетуге бағытталған тиімді бастама. Бұл жоба арқылы Жыланды лицей-интернаты болашақ жас мамандармен тығыз байланыс орнатып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алады.

Форум нәтижесінде қатысушылар ауыл мектептері мен лицей-интернаттардың болашағына сенім білдіріп, заманауи әрі білікті ұстаздар — ел болашағының кепілі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1222705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді