
15 мамыр күні облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ә.Мұхамедияровтың төрағалығымен Байланыс қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті.
Байланыс саласы мемлекет пен қоғам өмірінде маңызды стратегиялық рөл атқаратыны белгілі. Үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында айтқандай, «Бүгінде интернет – жол мен электр энергиясы сияқты негізгі қажеттілік». Қазіргі ақпараттық заманда Қазақстанның көштен қалмай, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында байланыс мамандарының рөлі арта түсті. Отыз жылдан астам уақыт ішінде телекоммуникация саласы аса қарқынды дамып, орасан зор жетістіктерге жетті.
Аймағымызда осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар туралы Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сабит Ибадуллаұлы баяндады.
Сонымен қатар өңіріміздің телекоммуникация саласының дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагері Балымбетов Темірбек Бегалыұлына сөз берілді.
Шарада байланыс операторларының үздік қызметкерлері Облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1222635?lang=kk

Жауап қалдыру