БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📚 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 12 мамыр күні Казталов ауданының 5 білім беру ұйымында білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) бағытында тестілеу ұйымдастырылды.
📝 Мониторингке жалпы 62 оқушы қатысты. Оның ішінде:
🔹 4-сыныптардан – 34 оқушы;
🔹 9-сыныптардан – 28 оқушы.
📌 Тестілеуге қатысқан білім беру ұйымдары:
– Қоныс ЖОББМ: 4-сыныптан – 9 оқушы, 9-сыныптан – 8 оқушы;
– Сарықұдық НОМ: 4-сыныптан – 5 оқушы, 9-сыныптан – 6 оқушы;
– Жаңатаң НОМ: 4-сыныптан – 6 оқушы, 9-сыныптан – 2 оқушы;
– Жас ЖОББМ: 4-сыныптан – 10 оқушы, 9-сыныптан – 5 оқушы;
– Көпкүтір НОМ: 4-сыныптан – 4 оқушы, 9-сыныптан – 7 оқушы қатысты.
📖 4-сынып оқушыларына тестілеу 154 минутқа (2 сағат 34 минут) ұйымдастырылып, оқу сауаттылығы бойынша 10 сұрақ, математикалық сауаттылықтан 20 сұрақ және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан 20 сұрақ ұсынылды.
📘 9-сынып оқушылары үшін тестілеу уақыты 189 минутты (3 сағат 9 минут) құрады. Оқушылар оқу сауаттылығы бойынша 15 сұраққа, математикалық сауаттылықтан 20 сұраққа және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 30 сұраққа жауап берді.
💻 Тестілеу «Талдау» сайты арқылы өткізіліп, академиялық адалдықты сақтау мақсатында Zoom платформасы негізінде прокторинг жүйесі қолданылды. Тест аяқталғаннан кейін қатысушылар арнайы сауалнама толтырды.
👥 Бақылаушы ретінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Алтынғаным Бақытқызы Жаңатаң және Көпкүтір НОМ базасында өткен тестілеу жұмыстарына қатысты.
✅ Мониторинг білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім сапасын саралауға және оқу жетістіктерін бағалауға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1221991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді