
2026 жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті және Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібі туралы Нұсқауын іске асыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» барысында сот актілерін орындамағаны үшін борышкерлерді жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар борышкерлерді мәжбүрлер алып келу туралы қаулыларды орындау мәселесі қаралды. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес атқарушылық әрекеттерді жүргізу кезінде ішкі істер органдары мен сот орындаушылары арасындағы іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1222717?lang=kk

Жауап қалдыру