
2026 жылғы 05 мамырда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің маманы Есмурзина А.И. № 10 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларына «Халық Жеңісі: Майданның көзге көрінбейтін тылы» тақырыбында түпнұсқа архивтік құжаттардың құралған экспозицияны ұсынды.
Іс-шара барысында оқушылар 1941-1944 жылдардағы Жетіғара аудандық атқару комитетінің тұрақты сақталатын түпнұсқа архивтік құжаттарымен таныстырылды. Бұл құжаттарда халқтың тұрмыс-тіршілігінің соғыс жағдайына көшуі баяндалады. Сондай-ақ оқушыларға Кеңес Одағының Батыры Хачин Егор Андреевичтің, Жітіқара ауданының тыл еңбеккерлері Цой Лев Николаевич пен Базлова Агафья Максимовнаның жеке тектік құжаттарымен танысуға мүмкіндік берілді, олардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі өмірі мен қызметі туралы мәлімет алды.
Іс-шара соңында қонақтар үшін мемлекеттік архивтің сақтау қоймаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1222542?lang=kk

Жауап қалдыру