ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің ІІО Мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша республикалық турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13-14 мамыр күндері Алматы облысы Заречный ауылындағы әскери бөлімнің оқу-жаттығу полигонында Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің ІІО Мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша республикалық турнир өткізілді.

Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 19 команда қатысып, қызметкерлер қаруды дәл әрі қауіпсіз қолдану бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Турнирдің негізгі мақсаты – қызметкерлердің атыс дайындығын жетілдіру, қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын нығайту және қызметтік міндеттерді сапалы орындау дағдыларын дамыту.

Турнир қорытындысы бойынша:
І орын – ІІМ КҚБК Алматы қаласы МКҚБ;
ІІ орын – ІІМ КҚБК Астана қаласының МКҚБ;
ІІІ орын – ІІМ КҚБК Солтүстік Қазақстан облысы МКҚБ командалары иеленді.

Жеңімпаз командалар ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының атынан дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1222790?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді