
Департаменттің кезекті аппараттық жиынында Департамент басшысының міндетін атқарушы Г.Медеубек білім сапасын жүйелі талдауды, лицензиялау талаптарын қатаң сақтауды, апостильдеу мен арыз-шағымдарды заң талаптарына сай қарауды, тексеру нәтижелеріндегі бұзушылықтардың уақытылы жойылуын қадағалауды және жұмыс тәртібін сақтау бойынша нақты тапсырмаларды жүктеді.
Сонымен қатар, аппараттық жиыннан кейін, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілінің қатысуымен жаңадан пайдалануға берілген білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелеріне арналған жиын өткізілді.
Жиын барысында білім беру нысандарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңнама талаптарын сақтау және нысандарды пайдалануға беру тәртібі кеңінен талқыланды.
Атап айтсақ, жаңадан енгізілген заңнамалық талаптарға сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап адамдар жаппай жиналатын объектілер, соның ішінде бір мезетте 25 адамнан асатын білім беру мекемелері пайдалануға қабылданар алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы арнайы қорытынды алуға міндетті болады.
Жиында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, білім беру нысандарын пайдалануға беру кезінде қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, қорытынды алу маңыздылығы және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәдениетін күшейтуге қатысты өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1222300?lang=kk

Жауап қалдыру