
Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады. Конкурс жеңімпаздарын өңірлік және республикалық комиссиялар келесі номинациялар бойынша екі кезеңде айқындайды:
1) «Үздік еңбек әулеті» – осы кәсіпорында ең ұзақ еңбек өтілі бар ең көп марапаттары бар ең көп әулет (бір отбасының үш және одан да көп ұрпағы) таңдалады.
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады (жұмыс өтілі кемінде 20 жыл).
3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» – өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады (жұмыс өтілі 5 жылдан аспайды);
Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сомаға сертификаттар беріледі:
– 1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;
– 2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
– 3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңге.
Сайысқа «Qamqor.enbek.kz» платформасы арқылы қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 01 шілдеге дейін қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1222675?lang=kk

Жауап қалдыру