Мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық құжаттардың заң талаптарына сәйкес уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен мамандар және мемлекеттік сот орындаушыларының қатысуымен атқарушылық құжаттардың заң талаптарына сәйкес уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту семинар өткізілді.

Семинар барысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, оның ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын дер кезінде қабылдау, борышкерлердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану тәртібін сақтау, сондай-ақ атқарушылық әрекеттерді созбалаңға салуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті түсіндірмелер беріліп, атқарушылық іс жүргізу тиімділігін арттыруға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1222745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді