
Құрметті Абай ауданының тұрғындары!
2026 жылдың 18 мамыр күні сағат 10.00-14.00 аралығында Абай қаласында терроризмге қарсы оқу – жаттығулар өтеді.
«Абай қаласының жабық жүзу бассейні» ғимаратының қоршауында террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша оқу іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелерді ішінара жабу болуы мүмкін.
Өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, тартылған қызметтердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз.
Абай аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-abai/press/news/details/1221912?lang=kk

Жауап қалдыру