
Халықаралық отбасы күніне орай Отбасын қолдау орталығында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы отбасының маңызын кеңінен насихаттау болды.
Мерекелік шараға Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері, құқықтық сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара барысында отбасы бірлігі, өзара құрмет пен жауапкершілік тақырыптары қозғалып, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара аясында жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктері табысталып, олардың жаңа өмір жолына ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар отбасы құндылықтарын насихаттауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген сала өкілдері мен белсенді азаматтар марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1222507?lang=kk

Жауап қалдыру