Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен қоғамдық келісімді нығайтуға, деструктивті көріністердің алдын алуға және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында заңнаманы сақтау, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, сондай-ақ этносаралық келісімді сақтау және түрлі мәдениет пен ұлт өкілдеріне құрметпен қараудың маңыздылығы талқыланды. Қатысушыларға әлеуметтік бейімделу шаралары мен қоғамдағы заңға бағынудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар деструктивті идеялардың таралуының алдын алу және өмірлік оң көзқарастарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық сипаттағы ұсынымдармен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1222115?lang=kk

Жауап қалдыру