Қарағанды оркестрлері концерттік маусымды қорытындылайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі, Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестр және Қарағанды джаз оркестрі концерттік маусымның қорытынды қойылымдарын өткізеді.

22 мамыр күні сағат 18:30-да Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі XXXVIII концерттік маусымының қорытынды концертін ұсынады. «Шалқыма» концерт залының сахнасында Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жетекшісі Талғат Ыдырысов, мәдениет қайраткері Олжас Сүлейменов, солист Гүлмира Тапай және орындаушы Бердәулет Тұрсынбай өнер көрсетеді.

Дирижерлік пультте — Әбуғалисын Шоқанбаев, Ерлан Бақтыгерей.

Концерт бағдарламасына халық және әлемдік классика туындылары енеді.

23 мамыр күні сағат 17:00-де қарағандылықтар Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің 43-ші концерттік маусымының жабылуына арналған концертке шақырылады. «Шалқыма» концерт залының сахнасында Алматы қаласынан келген халықаралық байқаулардың лауреаты Жанар Сүлейменова өнер көрсетеді. Дирижер — Айдар Торыбаев.

Бағдарламада Фредерик Шопен мен Людвиг ван Бетховеннің шығармалары орындалады.

4 маусым күні сағат 18:30-да Қарағанды джаз оркестрі XXXIII концерттік маусымын қорытындылайды. Кештің арнайы қонағы — Мәскеуден келген вокалист әрі тромбонист Анастасия Jazzy, ол «Культура» телеарнасындағы «Большой джаз» тележобасының екінші маусымының жеңімпазы.

Бағдарламаға танымал джаз композициялары мен әсерлі импровизациялар енеді. Концерт цирк ғимаратында өтеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1222396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді