
18 мамыр күні Қарағанды облысының Дін істері басқармасының бастамасымен Қарағанды облысының Білім басқармасы базасында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, Терроризмге қарсы комиссия өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беру ортасындағы діни экстремизм мен жастардың радикалдануының алдын алу мәселелерін, деструктивті ықпалдың ерте белгілерін анықтау тетіктерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі білім беру ұйымдарының рөлін талқылады.
Баяндамалармен білім беру саласының, Дін істері басқармасының және Қарағанды облысы әкімдігі аппаратының өкілдері сөз сөйледі. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, атаулы профилактикалық жұмыс жүргізу және педагог қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шақырылған лектор ретінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Шакимова Лола Сергеевна сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы діни экстремизм мен кәмелетке толмағандардың радикалдануына қарсы іс-қимыл тақырыбында баяндама ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі күшейту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының жүйелі өзара іс-қимылын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1222841?lang=kk

Жауап қалдыру