Қаражал қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 128 қаулысымен
бекітілген
«Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет,
тілдерді дамыту және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ережесі
Қаражал қаласы
2025 жыл
- Жалпы ережелер
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дін және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Мемлекеттік мекемесіне бағынысты мекемелер:
1) Қаражал қаласы әкімдігінің «Қаражал қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Ұлытау облысы Қаражал қаласы әкімдігінің «Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
- Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100700, Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Абай көшесі, 10 үй.
- Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Государственное учреждение «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта города Каражал».
- Осы ереже “Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
- Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
- Мақсаттары:
1) өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, тілдерді, мәдениет пен спортты дамытуға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.
- Өкілеттіктер:
1) құқықтары:
осы Ережеде көзделген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру үшін мемлекеттік мекеме өзінің өкілеттігі шегінде ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;
әкімге мемлекеттік органдардың ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын түсініктемелер беру;
iшкi саясат, адам құқықтарын сақтау саласындағы мәселелердi және мемлекеттiк мекеменiң құзыретiне жататын өзге де мәселелердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт мәселелеріне байланысты өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- Функциялар:
мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;
облыстың атқарушы органына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;
бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізеді;
спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
аймақта бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
спортшыларға спорттық разрядтар береді, спортшыларды мынадай спорттық разрядтардан айырады: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы;
біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарын айырады: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы екінші санатты, спорт төрешісі;
спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын ) бақылауды жүзеге асырады;
өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
өңірде жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізеді;
діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;
жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты өтініштерін қарайды;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
қалалық маңызы бар ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
қалалық маңызы бар мемлекеттік ұйымдарды аттестаттаудан өткізеді;
өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
қалалық маңызы бар мәдени мақсаттағы объектілерді жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту бойынша шаралар қабылдайды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды және уәкілетті органға ұсынады;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады және оны өткізу қағидаларын бекітеді;
үкіметтік емес ұйымдарға қатысты уақтылы ұсынылмағаны және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізеді;
жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-насихаттау жұмысын үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
қаланың сыртқы безендірілуін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету;
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастырады;
маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік хаттамаларын толтырады, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.
- Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Заңнамаға сәйкес «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және бөлімге бағынысты мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
3) шарттар жасасады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәмілелерді жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) ішкі саясатты іске асыру, тілдерді дамыту, мәдениет пен спорт мәселелері бойынша осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеменің қызметкерлеріне және ведомстволық мекемелердің басшыларына көтермелеу шараларын қолданады және тәртәптік жазаға тартады.
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
«Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
- Мемлекеттік органның мүлкі
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
- «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/1222273?lang=kk

Жауап қалдыру