«Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17–25 мамыр аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында жол-көлік жағдайын тұрақтандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген өңіраралық патрульдеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шараны өткізуге өзге өңірлерден, оның ішінде Астана қаласынан, Қарағанды және басқа да облыстардан қосымша күштер тартылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда. Осындай ауқымды рейдтік іс-шаралар бұған дейін еліміздің өзге өңірлерінде де нәтижелі өткізілген.

Іс-шараның алғашқы күнінде Жол қозғалысы ережелерінің 500-ден астам бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 8 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған, 60 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 18 жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмаған, 6 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен, ал 24 жүргізуші көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған. Сонымен қатар, мамандандырылған айып тұрағына 50 көлік құралы қойылды, оның 12-сі транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген автокөліктер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1222859?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді