
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау аясында, 16.05.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен Кеңгір су қоймасының аумағын тазарту бойынша экологиялық іс-шара өткізілді.
Акция барысында Департамент қызметкерлері Кеңгір су қоймасының жағалауында тазарту жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақты қоқыстан тазартты.
Ұлытау облысының Әділет департаменті алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1221847?lang=kk

Жауап қалдыру