ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық форум аясында өтетін «Антиконтрафакт» XIV халықаралық форумын өткізу мәселесі бойынша ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Бақыт Сұлтановпен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараптар жалпы отырысты және зияткерлік меншік саласын цифрландыруға, тұтынушыларды интернет-саудада қорғауға, ЕАЭО-да тауарларды таңбалау жүйесін дамытуға, техникалық реттеуге, жеңіл өнеркәсіп пен темекі саласындағы контрафактіге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі медиаконтентке деген сенім мәселелеріне арналған 10 тақырыптық сессияны қарастыратын форум бағдарламасының жобасын талқылады.

Шараға түрлі елдерден 500-ден астам делегаттар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1221869?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді