
15.05.2026 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлының Жаңақорған ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент мамандарымен зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктік шегіне өзгерістер енгізілу туралы, мүгедектiгi бар адамдар үшін әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру туралы, оның ішінде үй жағдайындағы оңалту жобасы туралы, дәйексіз медициналық құжаттардың анықталу фактілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерін тағайындау тәртібі, төлем мөлшерінің арттырылуы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектiгi бар адамдар үшін әлеуметтiк қорғау заңдылығы туралы, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі туралы тұрғындармен жеке қабылдау жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1222091?lang=kk

Жауап қалдыру