«Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лепсі ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері Лепсі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жүгіру алаңында таза ауа аясында Семей полигонының жабылуы 35 жылдығына арналған “Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері” атты танымдық сағаты өтті.

Шараның мақсаты: жастарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру.

Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, және т.б сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.

Өз ата-мекенін сүюге тәрбиелеу.

Өз еліне, өз туған жеріне сүйіспеншілігін сақтай отырып оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға ұмтылдыру.

Жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі – күн, су, ауа жайлы және олардың денсаулыққа пайдасын, пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.

Шараға қатысқан адам саны: 10 адам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1222382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді