Сенбілік жұмыстары жүргізіліп, арық жүйесіне су жіберілді 💧

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 мамыр күні Теректі ауылдық округінде аулаларды су баспау және судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында арық жүйелерін тазалау бойынша сенбілік өткізілді.

Сенбілік барысында ауыл ішіндегі арықтар тазартылып, су жүруіне кедергі келтіретін бөгеттер алынды. Тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін арық жүйесіне су жіберіліп, оның еркін ағуы тексерілді.

Аталған шара ауыл аумағындағы су өткізу жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге және тұрғындардың аулаларын су басу қаупінің алдын алуға бағытталды.

Теректі ауылдық округі әкімдігі сенбілікке қатысып, ортақ іске атсалысқан ауыл тұрғындарына алғыс білдіреді.

Бірлік бар жерде – береке бар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1222511?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді