
2026 жылғы 15 мамырда әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
📌 Кездесу барысында басшы Қазақстан Республикасы Конституциясындағы жаңашылдықтарды, сондай-ақ жаңа Конституция нормаларын түсіндіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған өзгерістерге тоқталды.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар әділет органдарының қызметіне қатысты сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1221908?lang=kk

Жауап қалдыру