Шөптікөл мәдени-спорт кешені базасында тоғызқұмалақтан балалар және жасөспірімдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шөптікөл мәдени-спорт кешені базасында тоғызқұмалақтан балалар және жасөспірімдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының жекелей чемпионаты өтуде.
Жарыс жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау, қатынасушылардың ақыл-ой ұшқырлығын дамытып, спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында оздырылды.
Биылғы сайысқа облыстың 10 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауға жиналды. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауданы, Жаңақала ауданы, Орал қаласы, Сырым ауданы, Тасқала ауданы, Теректі ауданы, Шыңғырлау ауданы және Қаратөбе ауданы намысын қорғайды.
Шарада сөз алған аудан әкімі Қ. Сүйеуғалиев қатысушыларды құттықтап, жарыстың маңыздылығына тоқталды.
– Құрметті спортшылар, қадірлі жаттықтырушылар мен қонақтар! Баршаңызды бүгінгі тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Тоғызқұмалақ – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, терең ой мен парасатты талап ететін ұлттық құндылық. Осындай жарыстар жасөспірімдердің ой-өрісін дамытып, рухын шыңдайды. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді әкім өз сөзінде.
Одан кейін Батыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақ федерациясының директоры Данияр Орынбасаров жарыстың өту барысына сәттілік тілеп, ұлттық ойынның жастар арасында кеңінен дамып келе жатқанын атап өтті. Ол мұндай чемпионаттардың жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.
Жарыс төрт күнге созылады, қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1222021?lang=kk