ШҚО-да «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасының алғашқы күні қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 17-25 мамыр аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Алғашқы күні полиция қызметкерлері 300-ден астам құқықбұзушылықтың жолын кесті. Масаң күйде көлік басқарған 8 жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, 16 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынып, 51 көлік құралының пайдаланылуына уақытша тыйым салынды. 30-дан астам автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Масаң күйде көлік басқару фактілерінің басым бөлігі Өскемен қаласы мен Глубокое ауданында анықталды. Сондай-ақ мопед иелеріне ерекше назар аударылып, бір тәулікте тиісті тіркеусіз жүрген 17 факті тіркелді. Күршім ауданында полицейлер жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің шанақ нөмірі тіркеу құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келмейтіні анықталған. Ал Алтай ауданында қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

ШҚО полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, барынша мұқият болып, жолда өзара сыйластық танытуға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1222796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді