ШҚО-дағы радиотелефонист кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлан ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімі Қ.Қайсенов кентіндегі №10 өрт сөндіру бөлімшесінің радиотелефонисті Әйгерім Рахатова кикбоксингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты 15-18 мамыр аралығында Түркияның Анталия қаласында өтті.

– Тартысқа толы әрі әсерлі жекпе-жектердің қорытындысы бойынша 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әйгерім Рахатова алтын медаль жеңіп алып, кикбоксингтен әлем чемпионы атанды. Ол халықаралық аренада жоғары спорттық шеберлігін, жоғары дене дайындығы мен нағыз жауынгерлік рухын көрсетті, – деді ШҚО ТЖД өкілдері.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1222277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді