ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мегаполисте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Кезекті ретте тұрғын үй кезегінде тұрған 50 азаматқа пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер Ақжайық шағынауданындағы көп қабатты үйлерден берілді. Баспаналар мемлекеттік бағдарламалар мен Отбасы банкі арқылы жүзеге асырылатын жеңілдетілген несиелеу тетіктері аясында ұсынылды.

Қоныс иелері «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатарынан анықталды.

Пәтерлерді бөлу барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға ерекше көңіл бөлінді. Олардың қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және бюджет саласының қызметкерлері бар.

Айта кету керек, жаңа үйлер барлық құрылыс талаптарына сай салынған және қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мұндай жобаларды іске асыру тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға, тұрғын үй қорын кеңейтуге және халықты әлеуметтік қолдау деңгейін арттыруға бағытталып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1221885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді