«Тату отбасы: түсіністік пен сыйластықтың маңызы» семинары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданында отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және әлеуметтік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында «Тату отбасы: түсіністік пен сыйластықтың маңызы» атты семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, полиция және пробация қызметтерінің мамандары, Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері, Аналар кеңесінің төрайымы, сондай-ақ үлгілі отбасы өкілдері қатысты.

Семинар барысында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық және әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылармен тәжірибелік жаттығулар өткізіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Шара соңында отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы ерекше атап өтіліп, әрбір отбасында өзара құрмет, түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1221829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді