Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері колледж студенттерімен талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің жетекші маманы Мақпал Есмағамбетова Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің студенттеріне «тұрмыстық зорлық-зомбылық»тақырыбында дәріс өткізді.

🔸Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері, құқықтық жауапкершілік шаралары, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларда құқықтарды қорғау және көмек алу тәсілдері түсіндірілді. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сыйластық қарым-қатынастарды қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔹Мұндай іс-шаралар қоғамда зорлық-зомбылықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Баспасөз қызметі
Әділет департаменті
Қостанай облысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1222224?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді