
Күн сайын полицейлер қоғамдық тәртіпті қорғауға түсіп, қызмет барысында әр минуты қымбат жағдайлармен бетпе-бет келеді. Патрульдік полиция инспекторлары үшін бұл Семей көшелеріндегі кезекті патрульдеу ғана болатын. Алайда сол ауысым бір адам үшін соңғы сәтке айналуы мүмкін еді.
Полиция аға лейтенанты Асхат Шаяхметов пен полиция лейтенанты Нұрсұлтан Қуанышбаев қаланың орталық бөлігін патрульдеу кезінде жекеменшік секторды аралап жүріп, қараңғы тұйықта үй қабырғасына сүйеніп тұрған ер адамды байқап қалады. Полицейлер оның жағдайына бірден назар аударып, көмек қажет пе екенін білу үшін жанына барған.
Ер адам жүрегінің қатты ауырғанын айтып, есінен тана бастайды. Бір секунд та жоғалтпаған тәртіп сақшылары рация арқылы жедел жәрдем шақырып, ер адамды қауіпсіз қалыпқа жатқызып, дәрігерлер келгенше онымен сөйлесіп, есінен танып кетпеуіне көмектескен.
— Тыныс ал… ең бастысы — тыныс ал, — деп қайталап отырған полицейлердің бірі жедел жәрдем келгенше оның жанынан кетпеген.
Бірнеше минуттан кейін жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Полицейлер медицина қызметкерлеріне ер адамды зембілге жатқызып, көлікке орналастыруға көмектесті.
Кейін инспекторлардың өздері бұл туралы артық мақтанышсыз:
— Біз тек керек уақытта, керек жерде болдық, — дейді.
Алайда нағыз қызмет дәл осындай әрекеттерден құралады. Полицей — бұл тек форма мен погон ғана емес, ең қиын сәтте қасыңда ешкім болмағанда алғаш болып көмекке келетін адам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1222891?lang=kk

Жауап қалдыру