
Велосипед спортынан тас жолда өткен көп күндік өңіраралық жарыста Шығыс Қазақстан облысының спортшысы жоғары нәтиже көрсетті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша тартысты бәсекеде бақ сынаған Ұлан Мұратов жекелей есепте оқ бойы озық шығып, турнирдің жеңімпазы атанды.
Спортшымызды айтулы табысымен құттықтаймыз! Осындай күрделі де көпкүндік додада жеңіске деген қажымас қайрат пен төзімділік танытқан жерлесімізге алдағы уақытта да халықаралық және республикалық ареналарда жаңа белестерді бағындыруды тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1221866?lang=kk

Жауап қалдыру