Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «YDA HOLDING» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ХУСЕЙН АРСЛАНМЕН КЕЗДЕСТІ
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесу өткізді. Басқосуда Түркістанда салынған 570 орындық заманауи аурухананың құрылысын толық аяқтау, өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістанды дамытуға Түркия тарапынан тартылған инвестициялар мен бірлескен жобалар да елеулі үлес қосқанын атап өтті.
📌– Қасиетті Түркістанға қош келдіңіздер. Жуырда ғана Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті жоғары деңгейде өткізілді. Мәртебелі меймандар Түркістанның дамуын, іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Түркістан – түркі әлемі елдерін біріктіруші алтын көпірге айналып отыр. Бұл ретте «YDA Holding» компаниясы қысқа уақытта халықаралық әуежайды салып беріп, сол әуежай арқылы 5 мемлекеттің басшысы тарихи шаһарымызға келгенін айта кеткен жөн. Қазіргі таңда сіздердің компанияларыңызбен бірлесіп, 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, өндіріске инвестиция салуға шақырамын. Әріптестікті жалғастыруға дайынбыз, – деген Нұралхан Көшеров Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, инфрақұрылымдық жобалар мен туризм саласын дамыту бағыттарына тоқталды.
Облыс әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.
⤵️Хусейн Арслан Түркістан өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен бастамаларды қолдауға ниетті екенін білдірді.
📌– Сіздерді халықаралық саммитті жоғары деңгейде өткізгендеріңізбен құттықтаймын. Түркістан өз тарихи миссиясын атқарып жатыр. Мен Түркістанның ескі кезін де, қазіргі жаңа кейпін де көргенмін. Шаһардың дамуы ерекше қуантады. Инвестициялық жобаларды талқылауға дайынбыз. Түркістандағы 570 орындық аурухананы осы жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз. Өте жоғары деңгейдегі емдеу мекемесі болады деп сенемін, – деді ол.
🔰Айта кетейік, Түркістандағы көпбейінді аурухана құрылысына 15,6 га жер телімі бөлініп, 2020 жылдың мамыр айында республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 86%-ға аяқталған. Аталған жобаны сатып алу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен мүдделі тараптар арасында келісім жасалған. Заманауи аурухана ашылған соң өңір медицинасын дамытуға оң серпін береді деп күтіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КОШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСЕДАТЕЛЕМ ПРАВЛЕНИЯ КОМПАНИИ «YDA HOLDING» ХУСЕЙНОМ АРСЛАНОМ
🔰Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров провел встречу с председателем правления турецкой компании «YDA Holding» Хусейном Арсланом. На встрече обсуждались вопросы полного завершения строительства современной больницы на 570 коек в Туркестане, реализации инвестиционных проектов в регионе и расширения двустороннего сотрудничества. Глава региона подчеркнул, что инвестиции и совместные проекты со стороны Турции внесли весомый вклад в развитие Туркестана.
📌– Добро пожаловать в священный Туркестан. Буквально вчера на высоком уровне прошел неофициальный саммит Организации тюркских государств. Высокие гости дали отличную оценку развитию Туркестана и уровню организации мероприятия. Туркестан становится золотым мостом, объединяющим страны тюркского мира. В связи с этим стоит отметить, что компания «YDA Holding» в короткие сроки построила международный аэропорт, через который главы пяти государств прибыли в наш исторический город. В настоящее время совместно с вашей компанией мы ведем строительство многопрофильной больницы на 570 коек. В дальнейшем приглашаю вас инвестировать в сельское хозяйство и производство. Мы готовы к продолжению партнерства, – сказал Нуралхан Кошеров, остановившись на инвестиционном потенциале Туркестанской области, инфраструктурных проектах и направлениях развития туристической отрасли.
⤵️Аким области отметил, что в регионе созданы благоприятные условия для инвесторов, и выразил заинтересованность в реализации совместных проектов с зарубежными партнерами.
🔰Хусейн Арслан, в свою очередь, подчеркнул динамичное развитие Туркестанского региона и выразил готовность поддерживать совместные инициативы в будущем.
📌– Поздравляю вас с проведением международного саммита на столь высоком уровне. Туркестан выполняет свою историческую миссию. Я видел Туркестан и в прошлые годы, и его нынешнем, обновленном облике. Развитие города искренне радует. Мы готовы к обсуждению инвестиционных проектов. Больницу на 570 коек в Туркестане мы планируем сдать до конца текущего года. Уверен, это будет лечебное учреждение высочайшего уровня, – отметил он.
🔰Под строительство многопрофильной больницы в Туркестане выделен земельный участок площадью 15,6 га. Строительные работы начались в мае 2020 года в рамках республиканского государственно-частного партнерства (ГЧП). На сегодняшний день строительные работы завершены на 86%. По выкупу данного проекта заключено соглашение между Министерством здравоохранения РК и заинтересованными сторонами. Ожидается, что открытие современной больницы придаст мощный импульс развитию медицины в регионе.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1222472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді