«ЖАҢАСЕМЕЙ БАРЫСЫ – 2026» АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңасемей ауданында 18-35 жас аралығындағы жастар арасында қазақ күресінен «Жаңасемей барысы» аудандық турнирі өтті.
Дүбірлі додаға ауданымыздың спортшылары қатысып, боз кілемде өз бақтарын сынады. Жарыс барысында қатысушылар күш пен шеберліктің, төзім мен жігердің үлгісін көрсетті.

Тартысты өткен белдесулер қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – Ашенов Ерасыл
🥈 ІІ орын – Темиргалиев Рауан
🥉 ІІІ орын – Қажыбек Қуатбек

І орын иегері Ашенов Ерасылға «Жаңасемей барысы» атағы беріліп, ақшалай сыйлық табысталды. Сонымен қатар жүлдегерлер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аталған турнир аудан жастары арасында ұлттық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1222386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді