Жолаушылар қауіпсіздігі — ерекше бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында жолаушылар тасымалықауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері бағыттық автобустардың жүргізушілерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану және көлік құралдарының техникалық жарамдылығына ерекше назар аудару қажеттігін ескертуде.

«Қоғамдық көлік жүргізушісі — ондаған адамның өміріне жауапты. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның және мемлекеттің басты міндеттерінің бірі», — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Мұндай профилактикалық шаралар жүргізушілердің тәртібі мен жауапкершілігін арттырып, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1222527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді