17–25 мамыр аралығында аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, жылдамдық режимін, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын, қауіпсіздік белдіктерін қолдануды, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқару фактілерін анықтауды күшейтілген бақылауға алды.
Аудан прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара құрмет пен сақтық танытуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігіне және білім беру ұйымдарының маңындағы жылдамдық режимін сақтауға ерекше назар аудару қажет.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау — өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1223090?lang=kk

Жауап қалдыру